ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерді Мұнайлы аудандық ауруханасының аудандық емханасындағы Салауатты өмір салты (ЗОЖ) кабинетіне шақырамыз!

Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылық. Оны сақтау және нығайту дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттерден бас тарту және аурулардың алдын алудан басталады.

ЗОЖ кабинетінде сіз:

  • Дұрыс тамақтану бойынша жеке кеңес;
  • Дене салмағын бақылау және азайту жөнінде ұсыныстар;
  • Дене белсенділігін арттыру бойынша кеңестер;
  • Артериялық қан қысымын бақылау;
  • Жүрек-қан тамырлары аурулары мен қант диабетінің алдын алу;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша пайдалы ақпарат ала аласыз.

ЗОЖ дәрігері: Айту Нұрғалым Қожахметұлы

Біздің мақсатымыз – әрбір аудан тұрғынының денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға және өмір сапасын жақсартуға көмектесу.

Өз денсаулығыңызға бүгіннен бастап қамқорлық жасаңыз!

Сіздерді ЗОЖ кабинетінде күтеміз!

#СалауаттыӨмірСалты #ЗОЖ #Денсаулық #ДұрысТамақтану #АурудыңАлдынАлу #МұнайлыАуданы

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *