Мұнайлы аудандық ауруханасының Оңалту орталығында науқастарға медициналық оңалту шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.

Орталық мамандары әрбір науқастың денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке емдеу және оңалту бағдарламалары бойынша жұмыс атқарады.

🔹 Физиотерапиялық ем-шаралар;
🔹 Емдік дене шынықтыру;
🔹 Қозғалыс белсенділігін қалпына келтіру;
🔹 Арнайы оңалту процедуралары;
🔹 Медициналық мамандардың бақылауы.

Оңалтудың басты мақсаты – науқастардың жоғалтқан дене функцияларын қалпына келтіру, өмір сапасын жақсарту және күнделікті өмірге бейімделуіне көмектесу.

Біздің мақсатымыз – әрбір науқастың денсаулығын жақсартуға және қалыпты өмірге оралуына қолдау көрсету!

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *