ҚҰРМЕТТІ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айшықтайтын, ұлттық бірлігіміз бен елдігімізді дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – Отанға деген сүйіспеншілігімізді арттырып, жарқын болашаққа деген сенімімізді нығайтатын маңызды мейрам.

Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және еңбектеріңізге табыс тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қазақстанымыз өркендеп, абыройы асқақтай берсін!

Республика күні құтты болсын!

Құрметпен,
Мұнайлы аудандық ауруханасының директоры
Ж. Байғожаев

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *