МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
25 қазан – Республика күні қарсаңында Мұнайлы аудандық ауруханасының травматолог дәрігері Мадреимов Ғалымжан Кеулимжаевич «Санжар Асфендияров» медалімен марапатталды.
Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, отбасылық амандық, еңбегіңізге табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз! Абыройыңыз асқақтай берсін!


