«Мұнайлы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК «Аудандық емханасында» өткізілген «Ашық есік» күні туралы АҚПАРЛАМА


Өткізілген күні: 16 қазан 2026 жыл
Өткізілген орны: «Мұнайлы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК «Аудандық емханасы»
Мақсаты: Халық арасында қатерлі ісіктердің (онкологиялық аурулардың) алдын алу, ерте диагноз қоюдың маңыздылығын түсіндіру және тұрғындардың денсаулығын нығайту.
Іс-шараның барысы:
2026 жылдың 16 қазанында «Мұнайлы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК «Аудандық емханасында» қатерлі ісік ауруларының алдын алуға бағытталған «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара аясында аудан тұрғындарына келесідей медициналық және консультациялық көмектер көрсетілді:
• Бейінді мамандардың қабылдауы: Тұрғындар жолдамасыз, тіркеусіз онколог, маммолог, акушер-гинеколог және терапевт мамандардың консультациясын алды.
• Скринингтік зерттеулер: Рактың алдын алу бойынша мақсатты топтағы азаматтарға емдеу-диагностикалық тексерулер жүргізіліп, скринингтік бағдарламалардың маңыздылығы түсіндірілді.
• Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары: Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін анықтау және уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңызы туралы ақпараттық брошюралар мен парақшалар таратылды.
Нәтижесі:
«Ашық есік» күніне ауданның жуық турғыны қатысып, қажетті медициналық тексерулерден 35 адам өтті. Күдікті белгілері бар азаматтар қосымша тексерулерге жіберіліп, әрі қарай емдеу шаралары жоспарланды.
Тұрғындар өз денсаулықтарына көңіл бөліп, сапалы консультация алуға мүмкіндік берген аурухана ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *