🩺 Қол гигиенасы – инфекциялық қауіпсіздіктің негізі!

2026 жылғы 13 қазанда Мұнайлы аудандық ауруханасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығына сәйкес медициналық қызметкерлерге арналған семинар өткізілді.

Семинар барысында медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың (МККБИ) алдын алу, қол жуу гигиенасы, қолды гигиеналық және хирургиялық өңдеу, стерильді және стерильді емес қолғаптарды дұрыс кию және шешу алгоритмдері түсіндірілді.

Сонымен қатар, медициналық манипуляциялар кезінде инфекциялық қауіпсіздік талаптарын сақтау және кәсіби жарақаттардың алдын алу мәселелері қарастырылды.

✅ Таза қол – қауіпсіз медициналық көмек және пациент денсаулығының кепілі!

#МұнайлыАудандықАуруханасы #ҚолГигиенасы #ИнфекциялықҚауіпсіздік #МККБИАлдынАлу #МедициналықҚызметкерлер

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *