ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ІС!
2026 жылғы 11 шілде күні Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Мұнайлы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-нің медицина қызметкерлері Ақтау қаласы, 15-шағын ауданда орналасқан Каспий теңізі жағалауын тазарту мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке белсене қатысты.
Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы игі бастамаға қолдау білдірген аурухана ұжымы жағалауды тұрмыстық қалдықтардан тазартуға өз үлестерін қосып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалысты.
Мұнайлы аудандық ауруханасының ұжымы алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қоса береді.














