«Этика және деонтология» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді
МСАК «Батыр» медицина ұйымында медицина қызметкерлеріне арналған «Этика және деонтология» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны меңгеруші Б. Наурузалиева және психолог Г. Жамалова жүргізді.
Семинардың негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерінің кәсіби этика қағидаларын нығайту, деонтологиялық мәдениетін қалыптастыру, ұжымдағы өзара сыйластық пен тиімді қарым-қатынасты дамыту, сондай-ақ пациенттерге сапалы әрі адамгершілікке негізделген медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру болды.
Іс-шара барысында медицина қызметкерінің кәсіби әдебі, дәрігер мен мейіргер арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы, әріптестермен дұрыс қарым-қатынас орнату, жауапкершілік пен өзара құрмет қағидалары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, дәрігер мен пациент, мейіргер мен пациент арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, медициналық этиканы сақтау, пациенттің құқықтарын құрметтеу, құпиялылықты сақтау және емдеу процесінде тиімді коммуникация орнатудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Психолог Г. Жамалова қатысушылармен психологиялық тренингтер өткізіп, тиімді қарым-қатынас жасау, эмоционалдық тұрақтылықты сақтау, жанжалдардың алдын алу, күйзелісті басқару және ұжымдық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелік жаттығулар ұйымдастырды. Қатысушылар тренинг барысында өзара пікір алмасып, күнделікті жұмыс барысында кездесетін түрлі жағдайларды талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды.
Семинар соңында қатысушылар кәсіби этика мен деонтология қағидаларын қатаң сақтау медицина қызметінің сапасын арттыруға, пациенттердің сенімін нығайтуға және ұжымдағы қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.


