Мұнайлы аудандық ауруханасының директордың орынбасары — Б.Аймокенов бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарына жеке қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында тұрғындар денсаулық сақтау саласына қатысты өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, медициналық қызметтің сапасы, емдеу және кеңес алу бағытындағы сұрақтарын қойды. Әрбір өтініш пен ұсыныс мұқият тыңдалып, заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің жедел шешілуі үшін жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді.
