Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді еліміздің басты құндылықтарының бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ата Заңымыз – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығының, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының берік кепілі. Конституциямыз ел бірлігін нығайтып, қоғамның дамуы мен өркендеуіне негіз болып келеді.

Осы мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз. Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, Қазақстанымыздың келешегі кемел болсын!

Конституция күні құтты болсын!

Құрметпен, Мұнайлы аудандық ауруханасының әкімшілігі.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *