Халықаралық Олимпиада күніне орай

Халықаралық Олимпиада күніне орай Мұнайлы аудандық ауруханасының директоры Ж.Байғожаев босану бөлімінде ем алып жатқан аналарды арнайы құттықтады.

Іс-шара барысында жас аналарға жылы лебізін білдіріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ дүниеге келген сәбилердің еліміздің болашағы болып, дені сау, білімді әрі ел мақтанышына айналуына тілектестігін жеткізді.

Мерекелік шара аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды. Жас аналар көрсетілген құрмет пен ізгі тілектер үшін алғыстарын білдірді. 🌷👶🏅

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *