Маңғыстау облысына жұмыс сапары ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының кеңесшісі Марат Қайртаевич Курманов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді.

Жұмыс сапары барысында өңірде салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Марат Курманов «Мұнайлы аудандық ауруханасының» жұмысымен танысып, медициналық көмекті ұйымдастыру, профилактикалық іс-шараларды жетілдіру, алғашқы медициналық көмектің тиімділігін арттыру және халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мәселелері бойынша медицина қызметкерлерімен пікір алмасты.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы озық тәжірибелерді енгізу, профилактикалық жұмысты күшейту және алғашқы медициналық-санитариялық көмекті одан әрі дамыту бағытында ұсыныстар қарастырылды. Бұл жұмыс сапары өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *