«Мұнайлы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-де кезекті шұғыл операция сәтті жүргізілді.

Мұнайлы аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 29 жастағы А. есімді науқас жедел жәрдем бригадасымен «Жедел аппендицит» диагнозымен жеткізілді.

Қабылдау бөлімінде кезекші дәрігер науқасқа толық клиникалық тексеру жүргізді. Қарау барысында оң жақ бел-омыртқа аймағында айқын ауырсыну белгілері анықталып, шұғыл хирургиялық көмек көрсету туралы шешім қабылданды.
Науқас шұғыл түрде операциялық бөлімге жеткізіліп, хирург дәрігердің қатысуымен ота басталды. Операция барысында оң жақ аналық бездің бұралуы анықталды. Осыған байланысты операцияға кезекші гинеколог дәрігер шақырылып, хирург пен гинекологтың бірлескен қатысуымен қажетті хирургиялық ем-шаралар толық көлемде орындалды.
Операция сәтті аяқталды. Қазіргі таңда науқастың жалпы жағдайы тұрақты. Ол әрі қарай операциядан кейінгі ем қабылдау және дәрігерлердің бақылауында болу мақсатында гинекология бөліміне жатқызылып, тиісті емдеу шараларын алуда.

Аталған жоғары мамандандыр

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *