МСАКО Атамекенде бүгін тұрғындар арасында туберкулездің алдын алу, ауруды ерте анықтау және оның алғашқы белгілері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында:
✅ туберкулездің жұғу жолдары;
✅ аурудың алғашқы белгілері;
✅ алдын алу шаралары;
✅ уақтылы тексерілудің маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
🫁 Туберкулездің алдын алу – өз денсаулығыңызды қорғаудың маңызды қадамы!
Туберкулез – жұқпалы ауру, бірақ оны ерте анықтап, уақтылы емдесе толық жазылуға болады.
✅ Туберкулездің негізгі белгілері:
- 2 аптадан ұзаққа созылған жөтел;
- Дене қызуының көтерілуі;
- Түнгі тершеңдік;
- Әлсіздік, тез шаршау;
- Тәбеттің төмендеуі және салмақ жоғалту.
🛡️ Алдын алу жолдары:
✔️ Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану;
✔️ Үй-жайды жиі желдету;
✔️ Жеке бас гигиенасын сақтау;
✔️ Балаларды БЦЖ вакцинасымен егу;
✔️ Уақытылы профилактикалық тексеруден өту.
🔍 Ерте анықтау – тиімді емнің кепілі!
Егер жөтеліңіз 2 аптадан астам уақытқа созылса немесе жоғарыдағы белгілер байқалса, өз бетіңізше емделмей, дәрігерге қаралыңыз.
❤️ Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, жақындарыңызды да қорғаңыз!
Туберкулез #ТуберкулездіңАлдынАлу #ЕртеАнықтау #Денсаулық #СалауаттыӨмірСалты #Профилактика #Қазақстан