Мемлекеттік қызметтер бойынша кездесу

10.07.2026ж күні Мұнайлы аудандық ауруханасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы — Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлының қатысуымен мемлекеттік қызметтер бойынша кездесу өтті.

Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық жаңашылдықтар» тақырыбы кеңінен талқыланды. Спикер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп қағидаларын сақтау, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Іс-шара барысында медицина қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *