Мұнайлы аудандық ауруханасында заманауи компьютерлік томография (КТ) аппараты арқылы тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді диагностикалық қызмет көрсетілуде.

Компьютерлік томография – ағзадағы көптеген ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін жоғары дәлдіктегі зерттеу әдісі. Аталған аппараттың көмегімен бас миы, мойын, кеуде қуысы, құрсақ қуысы, омыртқа, жамбас сүйектері, буындар және басқа да ағзаларға кешенді зерттеу жүргізіледі.

КТ зерттеуі жарақаттар, инсульт, ісік, өкпе аурулары, қан тамырларының патологиялары және басқа да күрделі диагноздарды нақтылауда маңызды рөл атқарады. Зерттеу тәжірибелі мамандардың бақылауымен жүргізіліп, нәтижелері қысқа мерзімде дайындалады.

Зерттеуден дәрігердің жолдамасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында немесе ақылы негізде өтуге болады.

Мұнайлы аудандық ауруханасы тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз! Уақытылы тексеріліп, өз денсаулығыңызды бақылауда ұстаңыз.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *