МСАК Батыр медицина қызметкерлеріне профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің психолог маманы Г. Жамалова «Этика және деонтология» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында медицина қызметкерлеріне кәсіби этика қағидалары, пациенттермен тиімді қарым-қатынас жасау, медициналық деонтологияның маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, ұжымдағы өзара түсіністік пен кәсіби қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған психологиялық тренингтер ұйымдастырылып, тәжірибелік жаттығулар жүргізілді.


