Алғыс – медицина қызметкерлеріне берілген ең үлкен баға
Мұнайлы аудандық ауруханасының Оңалту бөлімінде ем қабылдап шыққан науқас Ибрагимов Елтай бөлімнің мультидисциплинарлық топ (МДГ) қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді.
Науқас өз алғысында емдеу және оңалту барысында кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, әрбір пациентке жанашырлықпен қарап, сапалы медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге, мейіргерлерге және оңалту тобының барлық мамандарына ерекше алғысын жеткізді.