Жедел ішек инфекциясы туралы ақпарат!

Жедел ішек инфекциясы – бактериялар, вирустар немесе паразиттер арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Негізгі жұғу жолдары – лас қол, сапасыз немесе дұрыс өңделмеген тағам, қайнатылмаған су.
Негізгі белгілері:
● Іш өту;
● Құсу;
● Дене қызуының көтерілуі;
● Іштің ауыруы;
● Әлсіздік.
Алдын алу шаралары:
● Қолды сабындап жиі жуу;
● Тек таза, қайнатылған немесе қауіпсіз суды пайдалану;
● Жеміс-жидек пен көкөністі мұқият жуу;
● Тағамды дұрыс сақтау және толық пісіру;
● Жеке бас гигиенасын сақтау.
Ескерту: Ауру белгілері байқалса, өздігінен емделмей, дереу дәрігерге қаралыңыз. Ерте басталған ем асқынулардың алдын алады.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *