🏕️ «Саламатты мектеп» жобасы – жазғы демалыста да жалғасуда! 💚
Жазғы лагерь аясында «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» («Саламатты мектеп») жобасы бойынша балалардың денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған түрлі танымдық әрі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.
🌿 Лагерь бағдарламасы аясында:
✅ таңғы сергіту жаттығулары;
✅ спорттық ойындар мен эстафеталар;
✅ дұрыс тамақтану және жеке бас гигиенасы туралы танымдық сағаттар;
✅ психологиялық сергіту тренингтері;
✅ таза ауадағы белсенді ойындар мен шығармашылық жұмыстар өткізілді.
Барлық іс-шаралар балалардың белсенді демалуына, денсаулығын нығайтуына, жақсы көңіл күй қалыптастыруына және салауатты өмір салтының маңызын түсінуіне бағытталды.
💚 Дені сау бала – бақытты балалық шақтың және жарқын болашақтың кепілі!