Босануға дайындық мектебі
Босануға дайындық мектебі – жүкті әйелдерді босануға физикалық, психологиялық және ақпараттық тұрғыдан дайындауға арналған арнайы оқыту бағдарламасы.
Мектептің негізгі мақсаттары:
• Жүктіліктің қалыпты ағымы туралы ақпарат беру;
• Босану кезеңдерін түсіндіру;
• Дұрыс тыныс алу және күшену әдістерін үйрету;
• Босану кезіндегі ауырсынуды жеңілдету тәсілдерін көрсету;
• Ана мен нәрестеге күтім жасау бойынша кеңес беру;
• Емшекпен емізу ережелерін түсіндіру;
• Босануға байланысты қорқыныш пен мазасыздықты азайту.